Әскери қызметкер бір жылға жуық уақыт бойы бала күтімі бойынша декреттік демалыста болған.
Ақтауда декреттік демалыстағы әскери қызметкер өзіне қол жұмсап, көз жұмды. Ақпаратты Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі растады, – деп хабарлайды Kyn.kz тілшісі.
39 жастағы әскери қызметшінің мәйіті өз пәтерінен табылғаны хабарланды.
– Алдын ала ақпарат бойынша, келісімшарт бойынша әскери қызметші отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде өзін-өзі өлтірген. Себептері мен жағдайлар анықталып жатыр. Іс бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлады Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі.
Әскери қызметкер бір жылға жуық уақыт бойы бала күтімі бойынша декреттік демалыста болған.
– Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы әскери қызметшінің отбасы мен жақындарына көңіл айтады, – деп қорытындылады ведомство.