Мәдениет

«Аяғы ауыр ма?»: емханада тексеріліп жүрген Айгүл Иманбаева оқырмандарын қуантып қойды (ВИДЕО)

Әнші бейнежазбаға сәби үні мен суретін қойған

Белгілі әнші Айгүл Иманбаева Стамбул қаласында толық тексеруден өтіп жүр. Құрсағын ашып жатқан видеосын Instagram парақшасына жүктеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Әнші бейнежазбаға сәби үні мен суретін қойған.

«Достар, осындай бақытты сәттермен қауышу үшін ең алдымен толыққанды тексерістен өтіп алу қажет»,- дейді

Желі қолданушылары оның сәбилі болуына тілекші болып, ізгі ниеттерін білдірген.

«Жүкті екенсіз ба деп қуанып кеттім», «амандық, саулық болсын», «Айгүл ханым, құдай қаласа егіз табыңыз» деп жазуда.

«Мен қазір Ыстамбұл қаласындамын. Бұл жаққа келуімнің себебі денсаулығымды толықтай тексеруден өткізу. Қазіргі тілмен айтқанда Check Up», - деп жазды әнші.