«1 миллион теңге»: Қызылордада имам пара бергені үшін қызметінен босатылды
Имам пара беру арқылы «деструктивті діни ағымды жақтаушылардан ақша алады және екі әйелі бар» деген сыбыстан құтылмақ болған.
Қызылордада “Ыбырай молда” мешітінің имамы Талғат Нұрман қызметінен босатылды. Ол 1 миллион теңге көлемінде пара бермек болған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп танылып, ҚМДБ-ның бұйрығымен қызметінен кетті.
“Сот оны сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін кінәлі деп танып, ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылуына байланысты жұмыстан кетті. Нұрманның ҚМДБ жүйесінен босатылғаннан кейінгі жұмыс орны мен қызметі туралы нақты ақпарат жоқ", – деп жауап берді ҚМДБ Nege.Asha агенттігіне.
Айта кетсек, имам пара беру арқылы «деструктивті діни ағымды жақтаушылардан ақша алады және екі әйелі бар» деген сыбыстан құтылмақ болған.