Басты жаңалықтар

Мақтаарал ауданында жасөспірім құрдасының атқан оғынан қаза тапты

Жасөспірімдер арасындағы ақша үшін жанжал қайғылы оқиғамен аяқталды.

Мақтаарал ауданының елді мекендерінің бірінде 7 шілде күні кешкісін жасөспірім оқ жарақатынан қаза тапты. Полиция хаттамасында "бұзақылық мақсатта" кісі өлтірді деп жазылғанымен, тергеушілер оқиғаның себептерін анықтауы тиіс. Расталмаған деректер бойынша, екі жасөспірім ақша үшін араздасқан. Бірі екіншісіне бауырының алған қарызын қайтарығысы келмеген көрінеді, деп хабарлайды KYN.KZ otyrar.kz сайтына сілтеме жасап. Полиция хабарлағандай, бозбалалар арасындағы жанжал салдарынан бірі шолақ мылтықпен екіншісін аяғынан атқан. Зардап шегуші күре тамырынан жарақат алып, дәрігерлер тез келіп жеткеніне қарамастан, оны құтқару мүмкін болмады. Жасөспірім көп қан жоғалтып, сол күні ауруханада жан тапсырды.Қазір Мақтаарал АІІБ "Кісі өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап кетті. Сот шешімімен күдікті екі айға қамауға алынған.