«Енді менің 6 қызым бар»: Аша Матай қуанышты жаңалығымен бөлісті
Баян Мақсатқызы мен күйеуі Тұрсен Алагөзов Аша Матайға кіндік шеше болғаны үшін әшекей сыйлаған
Актриса, әнші Аша Матай Баян Мақсатқызының Алма есімді кішкентай қызына кіндік шеше болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Өнер иесі бұл туралы желідегі парақшасында бөлісті.
"Алма деген тәтті қыздың кіндік шешесі болып тағайындалдым. Тұрсен жездем мен Баян тәтем біраз ойланып, қабылдаған шешімдері екен. Баланың мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, ақылы, адамгершілігі, еңбекқорлығы кіндік шешеге тартады деген түсінік бар. “Саған ұқсаса, жаман болмайды” деді. Мен үшін, бұл үлкен қуаныш, абырой, Аллаға шүкір! Көпбалалы анамын, енді менің 6 қызым бар!", – деп жазды Аша Матай.
Баян Мақсатқызы мен күйеуі Тұрсен Алагөзов Аша Матайға кіндік шеше болғаны үшін әшекей сыйлаған.