Орал қаласына жаңа әкім сайланды
Төреғалиев жаңа әкімге тапсырмалар беріп, міндеттер жүктеді.
Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына қатысып, әкім лауазымына кандидатура ұсынған Нариман Төреғалиевты депутаттар бірауыздан қолдады, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
"Мұрат Болатұлы көп жыл бойы Орал қаласында және облысымызға қарасты аудандарда жұмыс істеді. Барлық мәселемен таныс. Ең бастысы, қала тұрғындары оны жақсы біледі. Жинақталған тәжірибесі мен білімі оған қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуында өзінің әлеуетін іске асыруға көмектеседі деп сенемін", – деді өңір басшысы.
Төреғалиев жаңа әкімге тапсырмалар беріп, міндеттер жүктеді.
Айта кетейік, Мұрат Байменов 1969 жылы дүниеге келген. Әр жылдары БҚО қаржы басқармасы бастығының орынбасары, Шыңғырлау және Зеленов ауданы әкімдерінің орынбасары, БҚО әкімі аппаратының экономикалық талдау, ішкі бақылау және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің меңгерушісі, БҚО энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары, "Жайық жылу қуат" АҚ бас директоры қызметтерін атқарған. 2020 жылдың қазан айынан бастап бүігінге уақытқа дейін Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.