“Күйеуім мені өлтірмекші болды”: Ақтөбелік әйел экс-күйеуінен қорқатынын айтты
Ол жолдасының жылдар бойы түсіріп келген бейәдеп видеоларын тауып алған
Ақтөбелік әйелді экс-күйеуі қылқындырып, өлтірмекші болған. Бұл ғана емес, 20-дан астам жас қыздарды жасырын камераға түсіріп, видеоларын флешкаға сақтап жүрген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Осылай деген Алтынгүл Төлепова «Көреміз» бағдарламасынан көмек сұрап келген. 18-ші сәуір күні экс-күйеуі Ахметжан Күзембаев оны қылқындырып, өлтіруге оқталған.
“Мен сені өлтіремін деді. Мен түсінбей қалдым. Қылқындырып, салып үлгерді”,- дейді
Айтуынша, ол жолдасының жылдар бойы түсіріп келген бейәдеп видеоларын тауып алған.