Балаларды суицидке итермелейтін 15 мың сайт пен сілтеме бұғатталды
Бас прокурор балалардың өзіне қол жұмсауы қоғамда резонанс тудырғанын айтты
Балаларды суицид жасауға итермелейтін 15 мың сайт пен сілтеме бұғатталған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.
Бұл жағдайды еліміздің Бас прокуроры Берік Асылов балалар арасында өз өзіне қол салу дерегінің жиілеп кетуіне байланысты жасаған мәлімдемесінде айтты.
«Балалардың өзіне қол жұмсауы қоғамда резонанс тудырды. Прокурорларға әр фактіні тергеуді ерекше бақылауды тапсырдым. Жалпы әлеуметтік желі балалардың суицид белсенділігіне әсер ететіндіктен, прокурорлар 15 мың зиян сайт пен сілтемені бұғаттауға қол жеткізді. Тұрмысы ауыр отбасылармен жұмыс істеп жатырмыз. Мемлекеттік органдармен суицидтің алдын алу үшін шұғыл шара кешенін әзірлейміз», - дейді ҚР Бас прокуроры Берік Асылов.