Қоғам

Өз бетінше қойды будандастырған: америкалық жарты жылға сотталып, айыппұл арқалады

Бүгінде үлкен қойға айналған Тау королін хайуанаттар бағына бергелі жатыр

АҚШ соты Артур Шубарт есімді фермерді жарты жылға түрмеге жауып, айыппұл салды. Ол өз бетінше қойды будандастырған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі The Guardian басылымына сілтеме жасап. 

Іс материалдарына сай, 87 жастағы Шубарт 2023 жылы жер шарындағы ең ірі қой – памирлік тау қойының спермасын әкеліп, тұқымдастыруға арналған эмбриондар алу үшін зертханаға жолдаған. Алынған эмбриондарды қойларына салып, нәтижесінде бір қой төлдеген. Шубарт оған Монтананың Тау королі деп ат қойған. 

Бүгінде үлкен қойға айналған Тау королін хайуанаттар бағына бергелі жатыр.

Шубарт кейін де сперманы қойларды тұқымдасдыру мақсатында қолданып, ақырында қашыр төлдер алған. Олардың құжаттарын қолдан жасап, бірнеше штаттағы шаруашылықтарға аңшыларға атқызуға сатып жіберген.

АҚШ заңы жергілікті фаунаны сақтау үшін жабайы аңдар мене олардың бөліктерін әкелуді, таратуды қатаң бақылайды. Памирлік тау қойы да қатаң бақылаудағы жануар.

Сот Шубартты жарты жылға түрмеге жауып, 20 мың доллар көлемінде айыппұл салған. Одан бөлек мұндай әрекеттерге жол бермес үшін АҚШ-тың балық пен жабайы табиғат қорына 4 мың доллар төлеуге міндеттеді.

“Жасағанымды түзету үшін маған қалған өмірімнің барлығында жұмыс істеуге туралы келеді” деген Шубарт өзіне берілген соңғы сөзде.

Оның адвокаты бұл жағдай клиентінің репутациясы мен отбасының күл талқанын шығарғанын айтып, шартты жаза сұраған. Алайда сот оның өтінішін қанағаттандырмады.