Қоғам

Түркістан облысында Үшқайық ауылдық округінің кәсіпкерлеріне арнайы жер беріліп, орындары белгіленді

Сауран ауданы көлемінде кәсіпкерлер санының артуына бірден-бір себеп - жылдан-жылға кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолайлы бағдарламалар ұсынылып, қолдаулар көрсетілуде.

 Осы ретте аудан әкімі Мақсат Таңғатаров Үшқайық ауылдық округіне арнайы барып, кәсіпкерлермен кездесті, деп жазды Kyn.kz  тілшісі.

 Бүгінгі таңда ауылдық округінің 28 кәсіпкері белгілі болып, түрлі бағытта жұмыстарын бастауға ниет білдіріп отыр. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында арнайы балық шаруашылығына 28, индустриалдық аймаққа 15, демалыс орындарына 70 гектар жердің орындары белгіленді. Кәсіпкерлер түрлі бағытта шағын және орта бизнесін дамыту үшін алдағы уақытта өз жұмыстарын жалғастыратын болады.

 Кездесу барысында аудан әкімі Мақсат Таңғатаров кәсіпкерлерге барлық бағыт бойынша қолдау көрсететіндігін жеткізді. Аталмыш индустриалды аймақта кәсіпкерлер өздері тарапынан атқаратын жұмыстарын айтып, жергілікті азаматтарды жұмыспен қамтымақ. Бұл бастама ауданның көркеюі мен дамуы тұрғындардың әл-ауқатының жақсаруына, жұмыс күшінің артуына сеп болмақ.

 Жиында аумақты бөліске алған кәсіпкерлерге индустриалды аймақтың құжаттарын дайындауға көмек көрсетіледі. Қажетті электр жарығы мен су тағы басқа көптеген мәселелер ауылдық округ әкімдігі тарапынан жүзеге асырылады.