Қоғам

"Сыпайы адамдар": Қостанайлық белсенді сурет бөліскені үшін 20 күнге қамауға алынды

Бұған дейін ол елімізде атом электр станциясының салынуына қарсы шыққан

Қостанай қаласының тұрғыны Сергей Зинченко 20 тәулікке сотталды. Оған автокөліктегі “сыпайы адамдар” және Калашников автоматының жазуы бар автокөлік себеп болған, деп хабаралйды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Сергей Зинченко Facebook парақшасынан автордың "Қостанайдың сепаратистері" деген жазбасын көріп, өз парақшасында «сыпайы адамдар» терминінің түсініктемесімен жариялаған, оны Википедиядан көшірген.

Сергей Зинченко Қостанайда Ресейдің Қазақстан аумағындағы агрессивті үгіт-насихатының қарсыласы ретінде танымал.

"Adal Sot" в телеграм арнасының хабарлауынша, әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы Айткужинов А.М. прокурор Жүсіпованың қатысуымен көлік иесі Татьяна Гросстың арызын қарады. Судья Айткужинов А.М. Сергей Зинченконы жала жапты деп танып, 20 тәулікке қамауға алды.

Бұған дейін Сергей Зинченконы туған жері Қостанайда бірнеше рет полицейлер ұстаған. Барлық жағдайда азаматтық белсенділік танытқаны үшін тұтқындалып отырған.

Атап айтқанда, ол Қазақстан билігін азаматтық белсенділерді саяси қудалау мен Ресеймен ынтымақтастығы үшін ашық сынап, елімізде атом электр станциясының салынуына қарсы шықты.