«Үш рет қана стримге шықтым»: қазақстандық әйел әлемге танымал актер Жан-Клод Ван Даммен араласады (ВИДЕО)
Елена жылыжайда көкөністің түр түрін өсіреді.
Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны әрі TikTok қолданушысы Жан-Клод Ван Даммен дос болып жүр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстандық Елена Басырева TikTok платформасында күнделікті жасайтын тіршілігін видеоға түсіріп, жариялайды. 44 жастағы ауыл тұрғынының TikTok желісінде 150 мыңнан аса жазылушысы бар. Тіпті видеоларын миллиондаған желі қолданушылары көреді. Олардың арасында атақты Жан-Клод Ван Дамм да бар. Актер оған хабарлама жазып, стримге (тікелей эфир) шақырған кезде әйел эфир барысын скриншотқа түсіріп үлгерген екен. Содан бері америкалық актер екеуі желіде дос.
"TikTok-қа кіріп, әртүрлі тақырыпта сөйлестік. Ағылшын тілін жақсы білмеймін. Сол себепті онымен үш рет қана стримге шықтым”, – деді әйел.
Елена аяқ-қолдарымен дүниеге келген. Дегенмен бұл Еленаға ешқашан кедергі болған емес. Ол жұмысқа барып, барлық үй жұмысын жасайды екен. Тіпті армрестлинг мен орлифтинг сынды спорт түрлерімен айналысады екен. Сондай-ақ екі ұлы бар.
"Өмір бізге қиналып, жылап сүру үшін берілмеген. Әрине әркімде әртүрлі тағдыр. Дегенмен қандай жағдай болса да қуанып, күліп жүрген жөн. Себебі, өмір қысқа", – дейді Елена.
2023 жылы Елена мемлекеттік грант ұтып алып, кәсіппен айналыса бастапты. Жылыжайда көкөністің түр түрін өсіреді. Елена бүкіл ауылды экологиялық таза өніммен қамтамасыз етіп отыр екен.