Мақпал Жүнісова: Ерке емес, еркек қыз болып кеттім
Мақпал Жүнісова нәзіктікті әлдеқашан ұмытып қалғанын айтты.
Әнші, елінің ерке қызы атанған Мақпал Жүнісова журналист Дина Төлепбергенге берген сұхбатында ағынан жарылды. Өз мінезіне сай әнші мұңды да күлкілі етіп жеткізіп өз тыңдармандарын қалың ойға шөктірді, деп жазды Kyn.kz7
Мақпал Жүнісова Instagram-дағы парақшасында Дина Төлепбергенге берген сұхбатынан үзінді жариялады. Онда әнші тележүргізушінің сұрақтарына жауап беріп отырғанын көруге болады.
"Бойыңызда қайсысы көп, өнер ме, әлде нәзіктік пе" деген сұрағына Жүнісова бойында өнер әлдеқайда басым екенін айтады.
Ол нәзіктік дегенді мүлдем ұмытып кеткенін айтты.
"Өнер. Нәзіктікті ұмытып кеттік қой қазір. Ерке қыз емес, еркек қыз боп кеттік қой", – деп күлді өнер иесі.