“Көлікті тоқтатып, шешіне бастады”: Фариза Ескерместі такси жүргізушісі зорламақ болған
Ол оқиғаға 12 жыл өтіпті
Белгілі актриса Фариза Ескермес ешуақытта ұмыта алмастай болған оқиғасымен бөлісті. Ол зорлыққа тап бола жаздаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Taboo бағдарламасында әңгімеледі.
“17-18 жасымда қорқынышты жағдайға тап болдым. Әке-шешем тау жақта тұрады. Ол жаққа бару үшін тас жолдың бойымен, кейін бұрылып, тағы ұзын жолмен жүру керек. Көп ешкім жүрмейді. Ағаштар көп, шағын өзеннің бойы. Таксист – жас жігіт болатын. Түрі әлі есімде. Бір кезде ол көлікті тоқтатып, шешіне бастады. Мен шошып кетіп, терезені ашып үлгердім. “көмектесіңдер" деп айқайлай бастадым. Алыстағы адамдар көріп, қолшамдарын ұстап жүгіріп келді. Ол мені көлікке итеріп құлатып жіберді. Мен солай құтқарылдым. Мен камералардың бәрін ашып, сол адамды табуым керек еді. Соған өкінемін. Қорқып қалдым. Мүмкін шок та алған шығармын. Оны іздемек түгілі үйден шыққым келмей қалды. Бірақ бұл туралы ата-анама да, құрбыларыма да айтпадым", – деп есіне алды ол.
Актриса қыздарға таксиді кез келген жерде ұстай салмауға кеңес берді.
"Менің түсінгенім, ер адамдар қыздарға агрессия көрсетсе, қыздар жабылып қалады екен. Ешкімге айтқысы келмей, өз проблемасын елге жайғысы келмей, өзінің ішінде ұстайды екен. Негізі айту керек. Мен сол жағдай үшін қатты өкінемін. Сол кезде ол адамды тауып, сотқа беруім керек еді. Бірақ 12 жыл өтіп кетті. Таксиді даладан ұстай салдым. Қыздар олай істемеңіздер. Тіпті, такси шақырсаңыз да, оның сілтемесін ағаларыңа, әпкелеріңе немесе күйеулеріңізге жіберіп қойыңыздар", – деді Фариза Ескермес.