Қоғам

Алматыда шетелдік азаматтың бөлшектелген мәйіті табылды

Онымен бірге тұрған әйел күдікті ретінде ұсталды

Алматы қаласындағы пәтерлердің бірінен 50 жастағы шетелдік азаматтың мәйіті табылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. 

Әуезов ауданындағы пәтерде 50 жастағы Ресей азаматының бөлшектелген мәйіті табылғанын CMN.KZ Telegram-арнасы мәлімдейді. 

Оқиғаны Алматы қалалық Полиция департаменті растады. Онымен бірге тұрған әйел күдікті ретінде ұсталды.

“Бұл дерек бойынша Әуезов аудандық Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр”, – деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.