Қоғам

“16 614 теңге”: Республика күнінде кейбір астаналықтарға ақша беріледі

Қазақстандықтар Республика күніне орай үш күн демала алады

Астана қаласының табысы аз тұрғындары Республика күніне орай 16 614 теңге көлемінде төлем (4,5 МРП) алады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы елорданың баспасөз хатшысы мәлім етті.

"Тізімдер жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы мәліметтер табысы аз тұрғындар негізінде (25 қазанға дейінгі атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қатысты) құралады", – деп нақтылады ведомство.

Айта кетсек, 2022 жылдың қыркүйегінде президент заңға қол қойып, 25 қазанды қайтадан ұлттық мереке – Республика күні етіп жариялады. Аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 25, 26 және 27 қазан күндері қатарынан үш күн демалады.