Қоғам

Атырауда әйелдің жатырынан 6 келіден аса миома өсіп шыққан

Науқасқа ота жасалған

Атырауда әйелдің жатырынан 6 келі, 35 см болатын миома шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Атырау облыстық перинаталдық орталығындағы дәрігерлердің айтуынша, науқастан  үлкен миоматозды түйіні ультрадыбыстық зерттеу арқылы анықталған. 

Әйел бірнеше жылдан бері ауырып келген. Өсіп келе жатқан ішіне байланысты шағымданған. Нәтижесінде күрделі ота жасалды. 

Қазіргі кезде науқастың жағдайы бірқалыпты.