Мәдениет

Әнші Гүлнәр Сиқымбаева бақилық болды

Әншімен қоштасу рәсімі өзі туып-өскен шаңырақта өтетін болды.

Белгілі әнші  ҚР Еңбек сіңірген әртісі Гүлнәр Сиқымбаева қайтыс болды. Жаназасы ертең 6 қазан күні Түркістан облысы Төлеби ауданы Жамбыл ауылындағы өзі туып-өскен қарашаңырақта өтеді.

Әншінің қазасы туралы хабарды журналист Оралхан Дәуіт Facebook парақшасында жазды.

«Қайран, Гүлнәр әпке…

Бір ауылда туып-өссек те жүзбе-жүз сөйлесуді Алла Тағалам жазбаған екен. Телефон арқылы талай мәрте әңгімелесіп, сұхбат та алдым. Өте ашық жарқын, керемет жан едіңіз.

Өмірден ерте өткен анаңыз туралы жиі айтып, мұңайып қалушы едіңіз. Енді міне, аяқ астынан анаңыздың артынан аттанып кете барыпсыз…

Алла Тағалам о дүниеңізді берсін», - деп жазды Оралхан Дәуіт.