Нұрсұлтан Назарбаев референдумға дауыс беруге келді
Ол халыққа жақсылық тіледі
Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев АЭС құрылысы бойынша референдумға келіп, дауыс берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Назарбаев "Астана Опера" театрында орналасқан 256-сайлау учаскесінде дауыс берді.
Журналистер одан қазіргі уақытта қай елде тұрып жатқанын және қайда екенін сұрады. Ол тек халыққа жақсылық тіледі.
“Бақытты болыңыздар, аман болыңыздар, бақытты болыңыздар”, – деді бұрынғы президент.
Осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың референдумда дауыс бергені айтылды.