«Сұрақ көп, жауап жоқ…»: Америкалық отбасы асырап алған қазақ қызы өзіне қол жұмсады
Қостанай өңірінің тумасы марқұм Динараны америкалықтар алты жасында асырап алған
Америкалық отбасы асырап алған Динара есімді қазақ қызы өз-өзіне қол жұмсады. Бұл туралы белгілі журналист, «Шетелдегі қазақ балалары» жобасының авторы Жанар Байсезім жазды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Динараны АҚШ-тың Джорджия штатында тұратын отбасы асырап алған.
«Америкадан жеткен суыт хабар жып-жылы болып тұрған күздің күнін суытып жіберді. Бір сәтте айналамдағы әсем бояулар қарайып, шайылып кетті.
Бұл қалай болғаны, неге, не үшін?!
Неткен өкініш…
Неткен қасірет…
Динара, кешір мені, кеш бізді…
Рухың пейіште шалқысын.
Жап-жарық едің…
Қош бол, Жарық Күн.
P.S. Динараның қазасын туған анасына қалай айтарымды білмей, құлазып отырмын», - деп жазды ол.
Айте кетсек, Қостанай өңірінің тумасы марқұм Динараны америкалықтар алты жасында асырап алған.