Саясат

Саясаткер Төлен Тоқтасынов қайтыс болды

Саясаткер тірі болғанында үш күннен кейін 62 жасқа толар еді

Мәжілістің бұрынғы депутаты, оппозициялық саясаткер болған Төлен Тоқтасынов өмірден озды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Төлен Тоқтасынов соңғы айларда сырқаттанып жүрген. Саясаткер тірі болғанында үш күннен кейін 62 жасқа толар еді.

Төлен Мұхамедиұлы Тоқтасынов (1962-2024) – қазақстандық саясаткер, Қазақстан мәжілісі 2-ші шақырылымының депутаты әрі Қазақстанның демократиялық таңдауы партиясы (2018 жылы Қазақстан билігі экстремистік ұйым деп таныған) партиясы құрылтайшыларының бірі. Ол ұзақ уақыт Моңғолияда тұрды.

Тоқтасынов кейін Қазақстанның компартиясының (2015 жылы Алматы сотының шешімімен жабылған) екінші хатшысы болды. 2005 жылдың аяғында кезектен тыс президент сайлауы кезінде Жармахан Тұяқбайдың сайлауалды штабының жетекшісі болды.

Саясаткерді туған-туыстары туған жері Семейде жерлемек.