Экономика

Exit poll нәтижесі: қазақстандықтардың 69,8% АЭС салуды қолдайды

Exit poll нәтижесін «Астана – кешенді әлеуметтік зерттеулер институты» жеке қорының талдаушысы Әлібек Тәжібаев жариялады.

АЭС салу бойынша жалпыреспубликалық референдумның Exit poll нәтижесі белгілі болды. «СОЦИС-А» кешенді әлеуметтік зерттеулер институтының exit-poll мәліметтері жарияланды, деп хабарлайды Kyn.kz Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Exit poll нәтижесін «Астана – кешенді әлеуметтік зерттеулер институты» жеке қорының талдаушысы Тәжібаев Әлібек Тимитайұлы жариялады.

«СОЦИС-А» «Астана – кешенді әлеуметтік зерттеулер институты» ЖҚ жүргізген exit-poll нәтижелері бойынша сауалнамаға қатысқандардың 69,8%-ы Қазақстанда АЭС салуды қолдады, 30,2%-ы қарсы дауыс берді» , - деді ол.