Қоғам

Алматыда 19 жастағы қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Алмалы ауданының полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады

Алматыда 19 жастағы қыз тұрғын үй кешендерінің бірінің 14-қабатынан құлап кетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Әдеуметтік желіде куәгерлердің түсірген бейнежазбалары пайда болды. Марқұм тұрғын үйдің 14-қабатының терезесінен құлап кеткен.

Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растады.

"Аталған факт бойынша Алмалы ауданының полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Мотив пен мән-жайлар белгіленеді", - деді Алматы ПД баспасөз қызметі.