“Қатты құлазыдың…”: Қымбат Досжан әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның соңғы айтқан сөзін есіне алды
Анаң да 40 тан асар аспастан кеткен еді, Эльмира сіңілің ұйқыдан оянбай қалды, тағы бір інің де жас кетті… Қатты құлазыдың…
Тележурналист Қымбат Досжан ҚР еңбек сіңірген артисі Гүлнәр Сиқымбаеваның қазасына қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол марқұмды есіне алып, соңғы айтқан сөзін есіне алды.
«Өзіңді «тамағына құс ұялаған әншісің» деп бағалаған еді ұстазың Каукен Кенжетаев ағамыз. Неге асықтың, Гүлеке… «Қымбатжан, жаз болса өтіп барады, келсейші Алматыға, немеремді көрсетем, сен де немерелі болып жатырсың, балалар бір-бірін көрсін» деп едің туған күніңде құттықтап сөйлескенімде… Түһ, құдай-ай, әлі бір 100 жыл өмір сүретіндей көреміз осы… Анаң да 40 тан асар аспастан кеткен еді, Эльмира сіңілің ұйқыдан оянбай қалды, тағы бір інің де жас кетті… Қатты құлазыдың… Енді міне өзің де ұйқыдан оянбапсың… Не болды жаным-ай… Үйдің үлкенімін деуші едің, нағашыңды аузыңнан тастамаушы ең, анаң ерте кеткен соң, нағашыңның қолдауын көрдің… Әппақ, таза жүрегіңмен мөлдіретіп салған әнің есімізде қалады енді… Байыр балаңа сабыр тілеймін, ұрпағың аман болсын… Қош бол, Гүлеке”, – деп жазды журналист.