Атырау облысында 25 жастағы жігіт ата-анасын өлтіріп, артынша өзіне қол салды
Полиция департаментінде адам өлтіру дерегі негізінде қылмыстық іс қозғалған
Атырау облысында ер адам 65 және 58 жастағы ата-анасын өлтіріп, содан кейін өзіне қол салған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оқиғаны облыстық Полиция департаменті растады.
«Алдын ала ақпарат бойынша 25 жастағы ер адам өзінің ата-анасын өлтіріп, кейін өзіне қол салған. Қазір оқиғаның мән-жайларын жан-жақты анықтау мақсатында жедел-тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция.
Полиция департаментінде адам өлтіру дерегі негізінде қылмыстық іс қозғалған.