Мәдениет

«Сыныптасыма сызғыш лақтырғанмын»: Ләйлә Сұлтанқызы мектепте қандай оқушы болғанын айтты

Журналист оқушы кезінде өте белсенді, үздік оқушы болған

Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы оқушы кезін есіне алып, сыныптасының маңдайын жырғанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Айтуынша, белсенді оқушы болған. Сол үшін де кейде мұғалімдер оны өздерінің орнына сыныпқа қарауға қалдырып кетеді екен.

«Мектеп кезінде мұғалімнің орнына кейде сыныпқа қалдырып кететін мені. Өзі активист, өзі үздік Ләйлә ондайда қатал еді. Бір күні сөз ұқпай, тентек болған бір сыныптасыма сызғыш лақтырғанмын. Әлгі сызғыш әлгі ұлдың маңдайын жыртып, терезені де шағып кеткен. Сөйтіп, әкем келіп, терезені де жөндетті, баладан да кешірім сұрағаным бар», – деп жазды журналист.