Мәдениет

«Басқа келінді қабылдамаймын»: Айқын Төлепбергеннің анасы ұлының екінші рет үйленуіне қарсы болған

Айқын Төлепберген Жұлдызға үйленер кезінде анасына алғашқы некедегі балаларына бас-көз болуға сөз берген

Белгілі әнші Айқын Төлепбергеннің анасы бастапқыда ұлының Жұлдыз Өмірғалиге үйленуіне қарсы болғанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы «Астарлы ақиқат» бағдарламасында сөз етті. Айтуынша, ол бірінші келінінен басқа ешкімді қабылдағысы келмеген.

«Әселден басқа келінім жоқ, басқа келінді қабылдамаймын» деп айттым. Бірақ әкесі «Баланың шешіміне қарсы болма» деді. Содан кейін батамызды бердік. Ұлым «Екі баланы ешқашанда жалғыз қалдырмаймын, жаныңа әкеп тұрамын, барып тұрасың. Бәрін толығымен өзім асыраймын» деп уәде берді. Сол сөзінде тұрды. Екі немерем үшін қиналдым. Аңсар мен Асылым үшін уайымдадым. Қасымда ғой, бірақ әкесінің қасында жүрген жоқ қой. Бір үйде қонып жүрген жоқ», — деп жылап қалды әншінің анасы.

Бірақ уақыт өте келе Айқынның анасы Жұлдызды қабылдаған.

«Жұлдызды қабылдадым. Бүгінде екеуінің екі баласы бар. Мінезі жақсы. Екеуміз жерлеспіз. Екеуміз де Жамбыл облысының қыздарымыз», — деді ол.