"Маһрге 150 млн. тұратын көлік сұрады": Жахан Отарғалиев соңғы жаңалығымен бөлісті
Актер тағыда үйленуді жоспарлап жүргенін жасырмады.
Актер әрі продюсер Жахан Отарғалиев Балжан Бидашпен ажырасқаннан кейін үйленуді жоспарлап, жас қызға көңілі ауғанын жасырмады. Актердің көзі түскен қыздың талабы оны шошытқан сыңайлы.
"Біреумен кездесіп жүрсің бе? Біреумен таныстың ба? Үйленейін деп жатырсың ба? Бұл маған өте жиі қойылатын сұрақтар. Иә, танысқанмын. Жақында кездескенбіз. Сөйлесу барысында "Мәһрге не сұрайсың?" дегенмін. Жаңа Gelandewagen сұрады. Құны 150 миллион теңге. Не істеді деп ойлайсыңдар", – деп сұрады актер.
Жахан Отарғалиев көпшілік көмегіне жүгініп, бойжеткенге қымбат көлікті әперген қаншалықты дұрыс екенін сұрады. Оған қоса өнер иесі үйлену жайлы ойланатынын да айтып қалды.
"Үйлену туралы ойланасың ба? Әрине, ойланамын. Көбінесе түскі ас ішкен кезде ойланамын", – деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.