Мәдениет

“Жарты жыл депрессияда жүрдім”: Дана Нұржігітті екінші күйеуі ажырасқаннан кейін оның ізінен қалмаған (ВИДЕО)

Ол Қылмыстық кодекстің 147 бабы бойынша 3 жылға шартты түрде сотталған

Белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт екінші күйеуінен ажырасқаннан кейін жарты жыл депрессияда жүрген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы әріптесі Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтты. Сұхбаттың толық нұсқасы әлі шықпаған.

«Мен жарты жыл депрессияда жүрдім. Психотерапевтермен жұмыс істедім», - дейді Дана Нұржігіт сұхбаттың үзіндісінде.

Ажырасқаннан кейін бұрынғы күйеуі оның ізін аңдумен болған.

«Дана мойымай, сотта бұрынғы күйеуі кінәлі екенін дәлелдей алды. Осы жазда оны Қылмыстық кодекстің 147 бабы бойынша 3 жылға шартты түрде соттады. Ол жеке өмірге қол сұқпау тәртібін бұзған», - деп жазды Динара Сәтжан.