Талғардағы жасөспірімнің өлімі: Прокуратура жеті күдіктінің қамауға алынғанын мәлімдеді
Тергеуге көмектесетін қандай да бір ақпараты бар кез келген адамды прокуратура немесе ішкі істер органдарына жүгінуге шақырады
Алматы облысының прокуратурасы 16 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
4 қазан күні Талғарда төбелес болып, 16 жастағы жасөспірім пышақ жарақатынан қаза тапқан болатын. Тағы екі азамат ауыр дене жарақатын алған.
"Біз қоғамдық толқуды түсінеміз және отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Прокуратура органдары адам өлтіру туралы бұл істі ерекше бақылауға алынғанын ресми түрде хабарлаймыз. Осы қылмысты жасады деген күдікпен жеті күдікті қамауға алынып, сот 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады", - деп хабарлады Алматы облысының прокуратурасы.
Сондай-ақ, ведомствода қылмысқа қатысы бар адамдар жакапкершіліктен құтылмайтынын көрсетілген.
"Барлық азаматы осы қылмысқа қатысы бар адамдар жауапкершіліктен құтылмайтынына сендіргіміз келеді. Тергеуге көмектесетін қандай да бір ақпараты бар кез келген адамды прокуратура немесе ішкі істер органдарына жүгінуге шақырамыз", - деп толықтырды ведомство.