Қоғам

Қарағанды облысында өрттен қашқан ірі малдың видеосын көрген жұрт алаңдаушылық білдірді (ВИДЕО)

Өртті оқшаулауға 42 техника, 2 әуе кемесі, 3 ұшқышсыз аппарат жұмылдырылды

Әлеуметтік желіде Қарқаралыдағы өрттен қашқан төрт-түліктің видеосы тарады. Малдардың жанталасып жүгіргені көпшіліктің жүрегін елжіретті, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Бейнежазбаны көрген желі қолданушылары жаңбыр жауғанын тіледі.

«Жүрегім ауырып кетті ғой. Адам, мал шығыны болмаса екен. Алла жәрдем ете гөр», «Аллам жаңбыр жауса екен» деп жазуда.

Қарағанды облысы ТЖД мәліметінше, тілсіз жауды сөндіруге Астана қаласы, Павлодар, Абай облыстарының ТЖД және ТЖМ 68303 ә/б, орман шаруашылығының құтқарушы топтары және жергілікті ерікті өрт сөндірушілері 236 адам көмекке келді.

Өртті оқшаулауға 42 техника, 2 әуе кемесі, 3 ұшқышсыз аппарат жұмылдырылды.