Арман Дүйсеновтің ұлына қастандық жасалғаны айтылды
Әнші сазгердің ұлын біреулер қастандықпен өлтірді деген суық хабар келгенін айтты
Әнші Мақпал Жүнісова марқұм сазгер Арман Дүйсеновтің ұлының неден көз жұмғаны туралы жазды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, композитордың ұлын әлдебіреулер қастандықпен өлтірген.
«Марқұм Арман Дүйсеновтің тұңғышы Абылай Арманұлын біреулер қастықпен өлтірді деген суық хабар жетті. Иманы саламат болсын, өлтірген адамды тауып жазасын беру керек. Айсұлу айналайын, Алла сабыр берсін, кеше ұшып кетіп едім, туғандарына, анасына,қарындасымен бауырына қайғырып көңіл айтамын», — деп жазды Жүнісова.
Еске салсақ, 2023 жылдың қаңтарында композитор Арман Дүйсенов көз жұмған еді.