Қызылорда облысында 10 сынып оқушысы 14 жастағы баланы ұрып өлтірді
Кәмелет жасқа толмаған сотталушы 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды
Қызылорла облысында 10-сынып оқушысы өзінен бір сынып төмен оқитын баланы өлтіріп алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Аталмыш оқиға Шиелі ауданы Қодаманов ауылындағы мектепте орын алған. 10-сыныпта оқитын Қ. мен Ж. сыныптастарымен бірге 9-сынып оқушыларының өздеріне амандасуын талап еткен. Олармен сөйлесу үшін бір жерге жинаған.
Сотталушы Ж. бір қатарда тұрған 9-сыныптың оқушыларын беттерінен бір реттен ұрып шыққан.
Сотталушы Қ. да бұл әрекетті жалғастырған. Алайда жәбірленуші А.-ның көкірек тұсынан жұдырығымен қатты ұрған. Салдарынан оқушы оқиға орнында көз жұмған.
Кәмелетке толмаған сотталушы Қ. 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.