Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Белгілі сазгер Арман Дүйсеновтің ұлының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Белгілі сазгер Арман Дүйсеновтің ұлының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Сурет: Ашық дереккөздерден
Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр

Алматы қалалық полиция департаменті белгілі сазгер Арман Дүйсеновтің үлкен ұлы Абылайдың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

ҚР халық әртісі Мақпал Жүнісова желідегі парақшасында Абылайдың кісі қолынан қаза тапқанын жазды. Ал белгілі продюсер Баян Мақсатқызы 10-12 бұрын марқұмның өзінен көмек сұрап, хабарласқанын айтты. 

Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар