Үш жыл қажет: Уақыт белдеуін кері қайтару мәселесі жуырда қаралмайды
ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр барлық артықшылық пен кемшілкті таразылау қажет екенін айтты
Уақыт белдеуін кері қайтару мәселесі жуырда қаралмайды. Премьер Олжас Бектенов бастаған Министрлер кабинеті бұл реформаның халықтың тұрмысына тигізер пайдасы мен зияныны білу үшін кемі үш жылдай уақыт қажет деп отыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Тіпті азаматтардың өтінішімен депутаттар қолқа салса да, Үкімет жұмысының күн тәрбінде бұл мәселе тұрған жоқ.
«Егер нақты менен сұрасаңыздар, жылдар бойы ерте ұйықтауға дағдыланғанмын, бұл өзгеріс маған жақсы. Менің кейбір достарым мұны ұнатпайды. Яғни біз барлық артықшылық пен кемшілікті таразылауымыз қажет. Бұл іс жүзінде қалай болатынын күту, тыңдау және көру керек», - деді ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары, Роман Скляр.