Мәдениет

Дәрібаевтар отбасылық ансамблінің негізін қалаушы Ибрагим Дәрібаев көз жұмды

Ол қазақ эстрадасында "Жас жұбайлар", "Аман бол", "Оқ сияқты", "Нұрлы арман", "Айтшы жаным", "Сендей болмайды", "Сүйгеніме" сияқты танымал әндерді алғаш кассетамен таратқан

Дәрібаевтар отбасылық ансамблінің негізін қалаушы Ибрагим Дәрібаев өмірден озды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы белгілі сазгер, журналист Бекжігіт Сердәлі хабарлады.

“Қазақ эстрадасында "Жас жұбайлар", "Аман бол", "Оқ сияқты", "Нұрлы арман", "Айтшы жаным", "Сендей болмайды", "Сүйгеніме" сияқты танымал әндерді алғаш кассетамен таратқан Дәрібаевтар отбасылық ансамблінің негізін қалаушы Ибрагим Дәрібаев дүние салды. Бақұл бол, бауырым... Асыл жары Әлияға, ұл-қыздарына қайғыра көңіл айтамыз”, - деп жазды сазгер.