Қоғам

Талғардағы 16 жастағы жасөспірімнің өлімі: полиция бейнебақылау камерасына қатысты мәлімдеме жасады

Полиция ресми ақпаратқа сенуге шақырды

Алматы облысының Полиция департаменті Талғарда болған төбелес түсіп қалған бейнебақылау камераларының жазбалары жойылды деген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Сол күнгі видео өшіп қалды деген ақпаратты жоққа шығарды. 

"Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында Талғар ауданындағы қайғылы оқиға болған жерден бейнебақылау камераларының жазбалары өшірілді деген жалған ақпарат тарауда.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде барлық қолда бар бейнежазбалар полиция тарапынан тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына заттай дәлел ретінде тіркелгенін хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта тергеу барысында барлық бейнежазба зерттеліп, оқиғаға қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетіні айтылды.

"Тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз және жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке дейін әкелуі мүмкін екенін еске саламыз", - делінген хабарламада.