Мәдениет

«Күйеуіме дауыс көтермеймін»: Айсәуле Бақытбек отбасындағы қағида туралы айтты

Отбасында ғана емес, жұмыс орнында да қызметкерлеріне дауыс көтеріп, дөрекілік көрсетпейтінін айтты

Продюсер Баян Мақсатқызының үлкен қызы Айсәуле Бақытбек осы уақытқа дейін күйеуіне дауыс көтермегенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Ол желідегі парақшасында оқырмандарынан келген бірнеше сұраққа жауап берген. Оған желі қолданушысының бірі «Себепсіз жолдасыңызға дауыс көтерген кезіңіз болды ма?» деген сауал жолдаған.

 «Себепсіз де, себебі болса да күйеуіме дауыс көтермеймін, ұрыспаймын. Бұл біздің үйде қатып қалған қағида. Ата-анам біздің көзіміше ұрысқан емес. Сіңлім екеуміз де бір-бірімізге дөрекі сөз айтып көрген емеспіз. Мен ұзақ уақытқа созылған монолог оқуым мүмкін. Бірақ ешқашан күйеуіме дауыс көтермеймін. Барлығына сыйластық танытуға тырысамын. Жұмысымда да солай. Біздің жиналыстарда қызметкерді сынау, сөгу деген жағдайлар мүлдем жоқ», — деп жазды блогер Instagram-дағы парақшасында.