"Тісіне де жаман пікір жазады": Сұлтанқызы анасын сынайтындарға ренжіді
Тележүргізуші қолынан келіп тұрғанда анасына бар жақсыны көрсететінін айтты.
Тележүршізуші Ләйлә Сұлтанқызы анасын сынап-мінейтіндерге ренжіп жауап берді. Ол әже атанған анасына мін тағатындарға қайран қалған, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
"Менің анамның киіміне, орамалына, жүріс-тұрысына, тісіне дейін сын айтатындар бар. Сол сыншыларға жауап: мен жанында бола тұра, оған бар жақсылықты жасамасам не істеймін? Жырақта жүргенде өзінен гөрі басқаларды ойлайтыны бар. Қолымнан келіп тұрғанда, анамды барынша жақсы нәрселермен қамту менің міндетім," - деп жазды Сұлтанқызы.