Мәдениет

«Ешқандай нәтиже көрсетпейді»: Нұрлан Қоянбаев спорт саласын сынға алды

Нұрлан Қоянбаев ешқандай нәтиже көрсете алмаған спорт саласына ашуланды

Отандық кинопродюсер, актер Нұрлан Қоянбаев ешқандай нәтиже көрсете алмаған «Барыс» хоккей командасын сынғат алды. Бюджеттен бөлінген ақшаны спортқа емес, айтыс пен көкпарға салуды ұсынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ол мемлекет бюджетінен миллиардтап ақша алатын команда ойындары нәтижесіз екенін айтты. Сонымен қатар, «Астана» велокомандасына қатысты да уәжін білдірді.  

“Барыс” командасы неше жыл бюджеттен ақша алып келе жатыр?! Неге журналистер осыған мән бермейді? Команда ешқандай нәтиже көрсетпейді. Көрші елдің чемпионатында соңғы орында жүр. Еліміздің бюджетінен ең көп ақша алатын команда 1-10 болып ұтылып қалды. Айтыс пен көкпарға миллиард ақша бөлінсін. “Астана” велокомандасы да жыл сайын бюджеттен ақша алады. Құрамада бір қазақ жоқ, не нәтиже жоқ”, – деп ашуланды кинопродюсер.