Қыз үшін: Астанада 200-ден аса оқушы жаппай төбелесті
Куәгерлердің айтуынша, жанжал қызға байланысты басталған
Астанада 200-ден аса оқушы жаппай төбелесті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оқиға 9 қазан күні болған. Полиция қызметкерлері тәртіп бұзушыларды түгел ұстағанын мәлімдеді.
“Түнде Астананың Оңтүстік-Шығыс ауданында 200-ден аса оқушы қатысқан жаппай төбелес болды. Куәгерлердің айтуынша, жанжал қызға байланысты басталған. Жасөспірімдер ауданды бөлісіп, төбелесу үшін кездесу ұйымдастырған. Алдымен бір топ 6-7 жасөспірімге шабуыл жасады, бірақ оларға төтеп беру үшін одан да үлкен топ жиналды”, — делінген хабарламада.