«Жалаңаш күйінде суретке түсірген»: Дана Нұржігіттің экс- күйеуі интим фото-видеоларды таратқаны үшін сотталған
Журналист интим фото-видеоларды түсіргені үшін бұрынғы күйеуін Қылмыстық кодекстің 147-бабы бойынша үш жылға соттатқан.
Белгілі тележурналист Дана Нұржігіт күйеуінің қитұрқы әрекеті оның денсаулығына ғана емес, жұмысына да кері әсерін тигізген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол әріптесі Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтып берді. Бұрынғы күйеуі адамның жеке өмірі туралы оның келісімінсіз таратқаны үшін 3 жылға сотталған.
“Бұл жағдай мені сүйікті мамандығымнан да, денсаулығымнан да айырды. Эфирге шыға алмай қалдым, қатты күйзелдім, ренжідім. Денсаулығым мен моральдық және қаржылық шығындарымды қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт керек болды. Маған осы тақырыпта айту қиын. Бірақ толық баяндап беруді енді үйреніп жатырмын. Бар күшім тек осы процеске жұмсалған еді", – дейді Дана Нұржігіт.
Журналист интим фото-видеоларды түсіргені үшін бұрынғы күйеуін Қылмыстық кодекстің 147-бабы бойынша үш жылға соттатқан.
Осыдан кейін Дана Нұржігіт заңға арнайы бап енгізуді талап етті.
"Мен сталкингке, киберсталкинге қарсы күресті тоқтатпаймын. Қылмыстық кодексте арнайы бап болуын талап етемін! Кеше ғана ІІМ, сенатқа депутат болып барған Марат Шәдетханұлы Қожаев мырзаның назарына, мәжіліс депутаттарының назарына! Бұл адам құқығы мәселесі. Қауіпсіздік мәселесі. Жеке мәліметтердің таралмауы, ал қолды болған жағдайда қылмыскердің шоқпарына айналмауы заңмен реттелеуі керек!", – деп жазды журналист.