Қоғам

Талғарда атыс болды: полиция оқиғаға қатысты пікір білдірді

Полиция жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылатынын ескертті

Талғар тасжолы бойындағы Тұздыбастау ауылында атыс болғаны туралы ақпарат тарады. Алматы облысының полиция департаменті оқиғаны жоққа шығарды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

"Әлеуметтік желілерде Талғар ауданы Тұздыбастау кентіндегі кафелердің бірінің жанында атыс болғаны туралы тараған ақпарат шындыққа жанаспайды", - деді Алматы облыстық ПД өкілдері. 

Дәмханаға келушілер арасында қақтығысқа ұласқан жанжал болған. Жағдайды осы аймақты күзететін экипаж жедел түрде шешкен. 

“Бұзақылық әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық қатысушысы полицияға жеткізілді", - деп хабарлады ведомстводағылар. 

Оқиғада зардап шеккендер жоқ. Полиция жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылатынын ескертті.

"Біз тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз және жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке дейін жеткізуі мүмкін екенін еске саламыз", - деп атап өтті Алматы облысы ПД өкілдері.