Қоғам

2025 жылдан бастап мектептерде стоматологиялық кабинеттер ашылады

Бұл бастама «Сау тіспен болашаққа» жобасының аясында жүзеге асырылмақ

Келесі жылға қарай барлық ірі мектептерде стоматологиялық кабинеттер ашылады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен Білім министрлігінің басшысы Ғани Бейсембаев елорда мектептерінің басшыларымен өткізген отырысында мәлімдеді.

Аталмыш бастама «Сау тіспен болашаққа» жобасының аясында жүзеге асырылмақ.

“Бүгінгі таңда 6 өңірде 98 кабинет жұмыс істейді, онда қабылдауды дантисттер жүргізеді. Бірақ одан әрі «Сау тіспен болашаққа» жобасының шеңберінде мектеп жасындағы барлық балаларды стоматологиялық аурулардың профилактикасымен кезең-кезеңімен қамтамасыз ету жоспарлануда”, - делінген ДСМ хабарламасында.