Қоғам

“Қылқындырып, телефонын тартып алған”: Алматыда ерлі-зайыпты мектепке бара жатқан оқушыға шабуыл жасады (ВИДЕО)

Арада жанжал туып, ер адам оқушыны тұншықтыруға кіріскен

Алматыда ерлі-зайыптылар мектепке кетіп бара жатқан оқушыға шабуыл жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Оқиға видеоға түсіп қалған. Бейнежазбаны блогер Таир Жиғанбаев өзінің Instagram парақшасында жариялады. Жазуынша, Рамазан мектепке велосипедпен бара жатқан. Бірақ алдынан бейтаныс ер адам шығып, жолын жапқан. Екі итімен бірге оқушыны өткізбеуге тырысқан.

Арада жанжал туып, ер адам оқушыны тұншықтыруға кіріскен.

«Ол менен қайда бара жатқанымды сұрап бейәдеп сөз айтты. (жылдамдығым 20 км/сағ болатын). Сөздерге шыдамай, жауап қайтардым, содан кейін төбелес басталды. Ол мені тұншықтыра бастады. Мен тахикардиямен ауырамын, одан өліп қала жаздадым, денем қызарып кетті, жаралар көп. Айналамда шамамен 10 адам болды, барлығы дерлік ер адамдар, бірақ ешкім көмектеспеді. Оны жазасыз қалдырмауды сұраймын. Жанымда әйел де болды, ол маған бейнежазбаны өшіруімді айтты. Әлі де тыныс алуым қиын, жүрегім ауырып тұр»,- деп жазды Рамазан.

Төбелеске қатысты құқық қорғау органдары әлі ресми түсініктеме берген жоқ.