Мәдениет

Шетелде скутер мінген Мақпал Жүнісова жұртты күлдірді (ВИДЕО)

Әнші скутер тізгіндеп бара жатқан бейнежазбаны жариялап, көпшілікті күлдірді

Әнші Мақпал Жүнісова шетелде демалып жүр. Ол видео жариялап, әрекетімен жұртты күлдірді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында видео жариялап, шетелдегі демалысының қалай өтіп жатқанын көрсетті. Әнші скутер тізгіндеп бара жатқан бейнежазбаны жариялап, көпшілікті күлдірді.

"Ешкімді мінгестіргім келмесе, осылай болады", - деп жазды ол.

Видео соңында Жүнісова артына мінгелі жатқан ер баланы суға құлатып алады.

Желі қолданушылары видеодағы Мақпал Жүнісованың болғанына қайран қалуда.

Олар "Ана жігітке обал болыпты. Оңбай құлапты", "Сенген серігім сен болса" дегендей болды ғой", "Шынымен сіз бе? Тоқтамай күлдім ғой" деген пікірлер қалдырды.