Зайсанда 600 тоннадан астам шөп өртенді (ВИДЕО)
Өрт сөндірушілердің күшімен көрші құрылыстар мен шаруашылықтарға өрттің таралуына жол берілмеді
Шығыс Қазақстан облысында 600 тоннадан астам 2000 бумада жиналған шөп өртенді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ТЖМ-ге сілтеме жасап.
Зайсан ауданы Мұқашы ауылында тілсіз жау жалпы салмағы 600 тоннадан асатын 2000 бумада жиналған шөпті жалынға орады.
Құтқарушылардың жедел және үйлесімді жұмысының арқасында өрттің одан әрі үлкен аумақтарға таралуына жол берілмей, оны оқшаулауға мүмкіндік туды. Өрт сөндірушілердің күшімен көрші құрылыстар мен шаруашылықтарға өрттің таралуына жол берілмеді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ шөпті сақтау және жинау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады!