Қазақстан азаматтығын қазақ тілі мен тарихын білетіндер ғана ала алады: бұйрыққа қол қойылды
Бұйрықтың орындалуын бақылау Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелген
Қазақстанда азаматтығын алу үшін мемлекеттік тілді білуге қойылатын талаптар белгіленді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ғылым және жоғары білім министрі тиісті бұйрыққа қол қойды.
«Мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде білу көлемі кемінде 36 (отыз алты) балл, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері кемінде 9 (тоғыз) балл, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру кезінде Қазақстан тарихы кемінде 15 (он бес) балл болып бекітілсін», - делінген құжатта.
Бұйрықтың орындалуын бақылау Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелген.
Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.