Дәулет Тұрлыхановтың бас бостандығы шектелген ұлы туған күнде жүрген жерінен көзге түсіп қалды
Нұрасыл Болат бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеп жүр және Алматы қаласының пробация қызметінде есепте
Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың туған күнде отырған видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Сот шешімі бойынша Тұрлыхановтың ұлы пробациялық бақылауда (уәкілетті органдардың сотталғандарға сот жүктеген міндеттерді орындауын және олардың мінез-құлқын бақылау).
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегілердің мәліметінше, Нұрасыл Болат бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеп жүр және Алматы қаласының пробация қызметінде есепте.
"Пробациялық бақылауды бұзу фактісі бойынша сотталған адамға (Нұрасыл Болатқа) ескерту жасалды, жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы мәселені шешу үшін сотқа материал дайындалып жатыр", – делінген комитеттің ресми жауабында.
Еске салсақ, осы жылдың тамыз айында Нұрасыл Болаттың үйінде пробациялық бақылауда болуы керек уақытында қаланы аралап жүргені туралы видео желіде пайда болды. ҚАЖК ішкі тексерісті бастағаны туралы айтқан болатын.