“Ұлымды өлтіріп, тоғызыншы қабаттан лақтырып жіберген”: Астанада өлі табылған жігіттің анасы үндеу жасады
Астана полиция департаменті өлім дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады
Астанада көпқабатты үйдің қасынан 19 жастағы жігіттің денесі табылды. Марқұмның анасы әлеуметтік желіде үндеу жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Әйелдің айтуынша, ұлын 4 адам өлтіріп, оны тоғызыншы қабаттан лақтырып жіберген.
"Төрт адам 19 жастағы ұлымды өлтіріп, тоғызыншы қабаттан лақтырып жіберген. Заң қайда? Бұлай жалғаса берсе, елімізде жастар қалмайды. Төрт балам бар. Балам темекі шекпейтін, ішпейтін, академияда оқыды. Қазір оны ішкендей етіп көрсеткісі келеді. Мені ешкім тыңдамайды. Қылмыскерлер заң бойынша жазаланғанын қалаймын", - дейді әйел.
Астана полиция департаменті өлім дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.